құрылыстық инженерлік ізденістердің құрамына олардың мынадай негізгі түрлері кіреді: инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық, инженерлік-гидрометеорологиялық, инженерлік-экологиялық, топырақтық құрылыс материалдарының және жерасты суларының қорына негізделген сумен қамту көздерінің ізденістері. Құрылыстық инженерлік ізденістерге бұлармен қатар мыналар жатқызылады: геотехникалық бақылау; ғимараттардың және имараттардың негіздерінің топырақтарының және іргетастарының зерттелуі; аумақтардың инженерлік қорғалу шараларының негізделуі; қоршаған орта компоненттерінің жергілікті мониторингі; геодезиялық, геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, кадастрлық және басқа ілеспе жұмыстармен объектілердің құрылыс үдерісіндегі, пайдалану және істен шығару кезіндегі зерттеулер (байқаулар); ғимараттар мен имараттар, кәсіпорын құрылысын жүргізу үшін инженерлік ізденістер үдерісіндегі ғылыми зерттеулер; құрылыс үдерісіндегі ізденістер өнімдерінің пайдалануының авторлық қадағалануы; инженерлік ізденістердің ұйымдастырылуы және жүргізілуі бойынша инжинирингілік қызметтер.