ә с к е р и. Қарсыластың адам күші мен ұрыс техникасын шығынға ұшырату мақсатында миналық-жарылғыш бөгеттер жасауға, жолдар мен әртүрлі құрылыстарды бұзуға, қарсыластың маневрі мен қозғалысын қиындатуға арналған инженерлік құрылғы. Инженерлік миналар іске қосылу тәсілі бойынша басқарылатын және басқарылмайтын мина; қозғалысқа түсу мезгіліне байланысты – дереу және бәсең іске қосылатын;жарғыш құрылымына қарай – түйіспелі және түйіспесіз; орнату тәсілі бойынша – шығарып алынатын және шығарып алынбайтын, зиянсыздандырылатын және зиянсыздандырылмайтын, мақсатына қарай – танкіге қарсы, жаяу әскерге қарсы, көлікке қарсы, десантқа қарсы, жүзбелі, объектілі және арнайы болып бөлінеді . Алғашқы и н ж е н е р л і к м и н а ретінде Еуропада XXV ғасырда бекіністерді қорғау үшін қолданыла бастаған (Қаз. тілі термин. Әскери.).