Инженерлік-геологиялық рекогносцировка

lat: Injenerlik-geologıaályq rekognossırovka

1) құрылыстың геологиялық жағдайлары туралы ақпарат алудың кешенді әдісі. Инженерлік-геологиялық рекогносцировканың орындалу мақсаты: болашақ құрылыс ауданы туралы жиналған инженерлік-геологиялық ақпараттың сапасын бағалау және кейбір шешілмей қалған сұрақтарды айқындау; жоспарланған варианттардың инженерлік-геологиялық жағдайларын салыстырып бағалау; геологиялық (табиғи) ортаның жобаланушы имаратпен әрекеттесуімен шарттасқан өзгеруін алдын-ала болжау. 2) аумақты басты негізінен жер беттілік немесе аэрокөзмөлшерлік тексеру жолымен инженерлік-геологиялық тексерудің бастапқы сатысы.