Инкубатор

lat: Inkýbator

[лат. incubо] з а т е с і м. а у ы лш а р. 1. Үй құстары жұмыртқасынан мекен бауырына салып баспай-ақ балапан шығаруға арналған аппарат және әдіс. Алғашқы кезде и н к у б а т о р ретінде арнаулы қора жылытатын пеш, т.б. пайдаланған (ҚСЭ). И н к у б а т о р д ы ң секциялық, кабинеттік, шкафтық түрлері бар (ҚСЭ). И н к у б а т о р жұмыртқа шайқап, балапан шығаратын құрылғыуылшар. сөздік.). 2. Уылдырықтан жасанды жолмен балық алу; уылдырықтан балық шығаратын аппарат. Зеренді тоған шаруашылығында 1973 жылы и н к у б а т о р цехы-уылдырықтан жас шабақ өсіріп шығаратын цех жұмысқа қосылды (Х.Қыдырбаев, Қазақст. хайуанат.). 3. м е д и ц и н а л ы қ. Жұқтырып алғаннан бастап белгілері айқын көрінгенге дейінгі аурудың жасырын дамуы. 4. п с и х о л о г и я л ы қ. Когнитивтік психологияда өтуі бойында проблеманы шешу үшін ешқандай саналы әрекет жасалмайтын, бірақ проблеманың шешілуімен аяқталатын уақыт кезеңі.