[лат. incrustatio] з а т е с і м. ө н е р. Заттың бетіне басқа түсті сол заттың өзінен немесе өзге нәрседен кесілген қималарды жымдастырып жапсыру арқылы бұйымдарды, құрылыстарды әсемдеудің бір түрі. И н к р у с т а ц и я ағаш, металл, тас т.б. заттар арқылы да орындалады (ҚСЭ). Қазақта тұскиіз, сырмақ, кебеже т.б. тұтыну заттарында и н к р у с т а ц и я әдісі қолданылады (ҚСЭ).