Инновациялық

lat: Inovasıalyq

с ы н е с і м. Инновацияға қатысты, Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады (ҚҰЭ). Қазақстан өнеркәсібі үшін маңызы жоғары болатын тағы бір и н н о в а ц и я л ы қ жоба Ақсу ферроқоспасын пайдалану болып табылады («Егемен Қазақстан»). Институт ғалымдары еліміздің басқа орталықтарындағы әріптестерімен бірлесіп, ғылыми зерттеулерді нығайту және ең бастысы қолданбалы и н н о в а ц и я л ы қ қосымшаларды жүзеге асыру жөніндегі өздерінің ұсыныстарын дайындауда («Егемен Қазақстан»). Осы зерттеулер мен олардың іс жүзінде қолданылуы және и н н о в а ц и я л ы қ ұсыныстары үшін институт қызметкерлері 2001 жылдың ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды («Егемен Қазақстан»).