[ар.] з а т е с і м. Алла тағалажаратқан саналы тіршілік иесі ретіндегі адам, адам баласы. Ұмытпа, ақыретте дүние қуып, Қанша и н с а н өлген, туып. Азғана тіршілікте ғамал қылсаң, Кетпеңіз жамандыққа шайып-жуып (Шал ақын, Өлеңд.). Бір Алланың құлымын, Адам сапи ұлымын, Топырақтан жаралған, Көп и н с а н н ы ң бірімін (Досжан ақын, лебд.). Бастайын бір Алланың атыменен, Түзеткей өз құдірет затыменен, Бихамдулла, біздерді қылды и н с а н, Жайылар біздей құлдар хатыменен (Бабалар сөзі // Діни дастан.). Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ақылды и н с а н д ы жаратты (Абай, Тол. жин.). Алла тағала періштеге ақыл берді, нәпсі берген жоқ; жан-жануарларға, хайуанаттарға нәпсі берді, ақыл берген жоқ; ал и н с а н д а р ғ а, яки адамдарға ақылды да берді, нәпсіні де берді («Түркістан»).