Инсценировка

lat: Inssenırovka

[ор.>лат. in үстінде, scaena сахна] з а т е с і м. 1. Белгілі бір көркем шығарманы сахнаға ыңғайлап қайта жазу. Мұғалімдер мен оқушылар Алтынсарин мен Құнанбаев аударған орыс жазушыларының шығармаларынан и н с ц е н и р о в к а л а р қойып, ойын көрсетіп жүрді. Бұл қойылған ойындар қазақтың театр өнерінің тууына себепкер болдыазССР тарихы). Жалпы «Абай» секілді эпопеялар орыс сахнасынан да көрініп жатыр ғой. Біз А. Штейн екеуміз осы кітапқа и н с ц е н и р о в к а жасағалы жүр едік, оған сіздердің тарапыңыздан нендей көмек болады? деді (I.Омаров, Шабыт.). А.Исмайыловты біз «Мөлдір махаббат» сахналық и н с ц е н и р о в к а с ы н ы ң авторы ретінде білетін едік. Ал Мен Ден Ук жолдасты бірінші рет кездестіріп отырмыз («Қаз. әдеб.»). 2. з а ң. Қылмыскердің қылмыс ізін жасыру үшін белгілі жағдайды қолдан қалыптастырып, жалған көрініс арқылы тергеуді теріс жолға бағыттайтын әдісі.