Инструктор

lat: Instrýktor

[лат. instructor] з а т е с і м. Нұсқаушы. 1. Белгілі бір іске, шеберлікке, мамандыққа үйретіп отыратын маман, нұсқаушы. Колчак тұсы болсын, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары болсын, не түрлі әдемі өлеңдерді и н с т р у к т о р л а р әкеліп таратады (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). 2. Бір мекемеге қарасты бөлімшелерді, қоғамдық ұйымдарды тексеріп, нұсқаулық беріп отыратын лауазымдағы адам. Ол кезде Жарасов Асылхан ауылшаруашылық бөлімінің и н с т р у к т о р ы еді (М.Дүзенов, Ақәже). Мен баратын болыстың жұмысын тәртіпке қою жөнінде жәрдем көрсету үшін уездік ревком қасыма Әбутәліп Масғұтов деген и н с т р у к т о р ы н қосты (С.Мұқанов, Өмір мект.). Қара сұр жігіт: Өзімді таныстырайын. Уездік ақша бөлімінің и н с т р у к т о р ы м ы н, деді Раушан мен Дәметкенге (Б.Майлин, Шығ.).