(лат. іnstrumentum — құрал) — америкалық философы Дьюи мен оның ізбасарларының субъективтік-идеалистік ілімі, прагматизмнің бір түрі. Дьюи бойынша, субъект пен объектінің, ой мен фактінің, психикалық күй мен физикалық күйдік айырмашылықтары — "Тәжірибенің" ішіндегі айырмашылықтар ғана, «жағдайдың» элементтері, «оқиғалардың» аспектілері. Инструментализм бойынша, ұтымдар, ғылыми заңдар мен теориялар дегеніміз тек қана инструменттер (идеализмнің бұл формасының атауы осыдан шыққан), құралдар, «жағдайдың кілті», әсерлердің «шикі материа-лындағы» «іс-қимыл жоспарлары». Организмнің тіршілік функциясы танымын мойындай отырып, инструментализм оны білу оның нақтылы объективті дүниені бейнелеу қабілетінде екенін теріске шығарады және ақиқатты субъективтік тұрғыдан, «осы жағдайда табысқа жетуді қамтамасыз ететін» «ақталған» бір нәрсе ден қарастырады. Дьюи мен оның жақтастары қоғамдық таптардың нақтылығын мойындамады, бұл орайда қоғамды, жеке адамды, «жалпы» мемлекетті метафизикалық тұрғыдан абстракциялаумен айналысты. Біртіндеп жақсарту («мелиоризм») ретіндегі инструменталдық прогресс теориясына сәйкес, прогресс қоғамның белгілі бір мақсаттарға жетуінде емес, қайта қозғалыс нроцесінің өзінде болады. Шын мәнінде, Дъюидің «мелиоризмі»: «Қозғалыс дегеніміа — барлығы, түпкі мақсат “ түк те емес» деген ұранды құптайды, Дьюи және инструментализмнің жақын ізбасарлары (А. Чайлд, бихевиорист Дж. Мид) марксизмгө ашық қарсы шықты;, бүл істі С. Хук жасалғастырды.