Интуиция

lat: Intýısıaá

(лат. іntueri —зер сапу)—ақиқатқа тікелеп көз жеткізу қабілеті. Жаңа дәуірдегі философияда интуиция таным қызметінің ерекше формасы ретіндө қаралды. Мысалы, Декарт дәлелдеудің дедукциялық формасы аксиомаларда жатыр, ал аксиомаларға ешқандай айғақсыз, таза интуиция арқылы жетуге болады деп санады. Декарттың айтуы бойынша, дедукциялық тәсілмен біріккенде интуиция толық айқындықтың жалпыға бірдей өлшемі болып табылады. Спиноза философиясында интуиция елеулі орын алды және оны танымның «үшінші тегі», айшықты әрі маңызды, заттардың мәнін тап басатын таным деп санада. Қазіргі шетелдік философия мен психологияда Интуиция білімнің логикамеи және өмір тәжірибесімен сиыспайтын мистикалық қабілеті түрінде қарастырылады (Интуитивизм). Диалектикалық материализм интуицияны біліммен диалектикалық байланысымен қоса, нақтылы аңғару (Таным) ретінде қарастырады және интуицияны ақылдан тысқары, мистикалық таным қабілеті деп түсіндіретін әрекеттің қандайын болса да теріске шығарады. Интуицияны ақиқатқа жетудің дағдылы жолдарынан қалайда принципті ауытқу деп санауға болмайды, ол сол жолдардың логикалық ойлау мен практика арқылы жанама түрге енгізілген заңды формалары болып табылады. Ақиқатты «кенеттен» тапқан сияқты болып көрінетін қабілеттің сыртында, шынында, жинақталған тәжірибе, қалыптасқан білім тұрады. Интуициялық психологиялық механизмі аз зерттелген, алайда қолда бар деректер осының негізіндө индивидтік айналамен информациялық дабылдың өзара зат жайлы. Интуиция тасымалдаушыға айналды деп есептеуге болады. Кибернетикалық жүйелерде бір заттағы (В) екінші бір заттың (А) әсерімен туындайтын өзгерістер, В-нің тек белгілі бір қарапайым сипаттамасы ғана болып табылмайды, сайып келгенде ол А туралы Интуиция тасымалдағышы ретінде кибернетикалық жүйенің жұмыс істеу факторына айналады. Салыстырмалы, интуиция яғни, кибөрнетикалық жүйелерге дейінгі жүйелерде (басқарумен байланысы жоқ, жансыз табиғат жүйелеріндегі) болатын потенциялық интуиция, мұнда актуальді интуиция түрленеді, яғни кибернетикалық жүйелерге дейінгі жүйелердегі енжар бейнелену, белсенді бейнеленуго айналады. Осы көзқарас бойынша адамның миы сыртқы дүниеден келіп түсетін салыстырмалы актуальді Интуицияны сақтайтын және өңдейтін ерекше күрделі кибернетикалық жүйе болып табылады. Мидың сыртқы дүниені бейнелеу және тану қасиеті Интуицияны тарату мен өңдеуге байланысты процестердің дамуындағы буын ретінде көрінеді. Сондықтан Интуиция жайындағы қазіргі кездегі ілімде жалпы материяға тән сезім-түйсікке туыстас қайта аңғару қасиеті болады дейтін тезистің ақпараттығы анықталды.