[лат. intueri] з а т е с і м. 1. Көкірек-көз (дұрыс әрекет жолы мен дұрыс түсінікті көрсететін санасыз, өздігінен болған сезім). Инт уициямен жазылғандықтан ба, білмеймін, мына пікір арқылы мен өзімді-өзім қайта ашқандай, қайтадан танығандай болдым (Ө.Қанахин, Шығ.). Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе и н т у и ц и я ғ а жүгініп отырады (К.Жарықбаев, Психология). 2. ф и л о с о ф и я л ы қ. Көкіреккөз (ақиқатты еш дәлелдеулердің негіздемесінсіз бірден анықтау). Жаңа замандағы философияда и н т у и ц и я таным қызметінің ерекше түрі ретінде қарастырылды (Филос. сөздік). Шеллинг, Кант и н т у и ц и я н ы интеллектуалдық аңдау деп білді (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Философия). Бергсон и н т у и ц и я н ы талдаудың нәтижесін іштей көре білу, сезіну деп қарастырады (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Философия). Фейербах и н т у и ц и я н ы танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды (Мәдени-филос. энцикл. сөздік).