[лат. intelligens] з а т е с і м. Зиялы қауым. Зейнолла Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» повесінде жоғары оқу орындарындағы и н т е л л и г е н ц и я мен студенттердің өмірі бейнеленеді (Ғ. Мүсірепов, Суреткер.). “Айқап” журналының төңірегінде топтасқан қазақтың алдыңғы қатарлы и н т е л л и г е н ц и я с ы, олардың басым көпшілігі мұғалімдер болатын (“Қазақст. мект.”). Пансионда пәтерақы мың иенге дейін барады, онда көбінесе жазушы, артист сияқты и н т е л л и г е н ц и я өкілдері тұрады (Ә.Кекілбаев, Тырау-тырау.). Тек солар ғана қазақтың – жұмысшы мен шаруалардың, ұлт и н т е л л и г е н ц и я с ы н ы ң сан алуан тобының басын қосып, тобырдан халыққа ұйыстырып, біртұтас елге айналдырып, ұстай алады. Зиялы қауым елдің элитасы болуы ойдан, қиялдан туған дүние емес, ол ұлттың еркіндікке, бостандыққа ұмтылған зәрулігінен туындаған құбылыс («Қаз.әдеб.»).