Интенцияшілдік

lat: Intensıaáshildik

(латынша intentio - талпыну, зейін қою), сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы, немесе, заттың шынайы, шынайы емес екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. Интенцияшілдік ұғымының тарихы зейінденуші заттың шынайы және интенцияшіл тірлігін айыра білген ортағасырлық схоластикадан нәр алады. XIX ғасырда неміс ойшылы Ф. Брентано бұл ұғымды қайта енгізеді. Интенцияшілдік психикалық құбылыстардың негізгі қасиетіне айналып, олардың санадағы дәйегі және сананың соларға бағытталуы ретінде көрінеді. Интенцияшілдік ұғымы А. Мейнонгтың нақтылық ілімінде және Э. Гуссерльдің феноментануында ерекше зерделенеді. Гуссерльде Интенцияшілдік негізгі ұғымға айналып, феноментану үшін мүлде тосын және негізқалаушы мағынада пайымдалады. Интенцняшілдік көкейдегінің ... туралы ой болу қасиеті. Дүниенің сезімге берілу нұсқаларының және дүние туралы ойдың өзгермелігіне байланысты феноментануда Интенцияшілдікті өте кең қарастырады. Әрбір феноменнің өзіндік ннтенцнялық құрылымы бар. Белгілі затқа түрлі қатынас жасауға болады. Мұндағы ең басты нәрсе заттың ежелгі нұсқасын ұмытпау. Сол сияқты заттың саната берілуі де әртүрлі. Мысалы, қабылдау, қиялдау, т.т. Жалпы, Интенцияшілдіктің құрылымы төмендегідей: ннтенцияшіл әрекет, ннтенцияшіл мазмұн мен зат.