(лат.intentio- талпыну, зейін қою)- сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. Бұл ұғым тарихы жалпы ортағасырлық схоластикадан нәр алады. ХІХғ. неміс ойшылы Ф.Брентано осы ұғымды қайта енгізеді. Кейін Э.Гуссерльдің феноменологиясында ерекше зерделеніп, негізгі ұғымға айналды және феноментану үшін мүлде тосын және негіз қалаушы мағынада пайымдалады. Әрбір феноменнің өзіндік интенциялық құрылымы бар. Жалпы, интенцияшылдықтың құрылымы төмендегідей: интенцияшыл әрекет, интенцияшыл мазмұн мен зат.