Интенцияшылдық

lat: Intensıaáshyldyq

з а т е с і м. ф и л о с о ф и я л ы қ. <лат. intentio> Сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігіне тәуелсіз сана нақтылығы. И н т е н ц и я ш ы л д ы қ ұғымының тарихы зейінденуші заттың шынайы және интенциялық бағытын айыра білген ортағасырлық схоластикадан нәр алады. ХІХ ғасырдың неміс ойшылы Ф. Брентано бұл ұғымды қайта енгізеді (Мәдени-филос. энц. сөздік.). И н т е н ц и я ш ы л д ы қ психикалық құбылыстардың негізгі қасиетіне айналып, олардың санадағы дәйегі және сананың соларға бағытталуы ретінде көрінеді (Мәдени-филос. энц. сөздік.).