Интерьер

lat: Interer

ранц. interieur] з а т е с і м. 1. қ ұ р. Ішкі көрініс (үйдің немесе жеке бөлменің ішкі кіреберіс кеңістігі). Кітапхана интерьері кітапхана бөлмелері мен кітапхана жабдықтарының ішкі көлемдік-жоспарлық ұйымдастырылуы, ол қызметтік және эстетикалық талғам деңгейінде қабылданады (Орыс.-қаз. түс. сөзд. Ғылымтану). Интерер салынған құрылыстың атқаратын қызметіне, идеялық мазмұнына қарай жасалады (ҚСЭ). Неке сарайының, цирк ғимаратының интерьерлері қазіргі архитектуралық үлгінің тамаша туындысына жатады (ҚСЭ). 2. ө н е р. Кескіндемеде ХVІІ ғасырда голланд және фламанд суретшілері арасында өркен жайған жанр. И н т е р ь е р м е н XIX ғасырда венецианов мектебі айналысқан (ҚСЭ). Тұрмыстық және тарихи тақырыптағы картиналарда интерьер үлкен рөл атқарады (ҚСЭ).