Интерфейс

lat: Interfeıs

[ағыл. Interface, inter аралық, face беті] з а т е с і м. и н ф о р м а т и к а. Есептеуіш жүйе құрылғылары мен бағдарламалардың, сондай-ақ олар мен адамның өзара әрекетін қамтамасыз ететін тәсілдер мен ережелердің, құралдардың жиынтығы. И н т е р ф е й с бағдарламалаушылардың кәсіптік тілінде өзара әрекеттесу «жазықтығы», пайдаланушы мен компьютердің қарыматынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасумен жасақтайтын аппараттық-бағдарламалық құралдардың жиынтығы (Қаз. тілі. термин. Информатика). Жалпы екі құрылғыны, екі бағдарламаны, адам мен бағдарламаны байланыстырып, араларында сигнал өткізіп, мәлімет алмастырып тұратын барлық мүмкіндіктер осы и н т е р ф е й с терминінің мағынасын ашады (ҚҰЭ).