ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ

lat: Interferensıa

1) (физ.) түрлі көздерден шығатын дыбыстық, жарықтық немесе басқа да толқындар бір-бірімен өзара әрекеттесетін құбылыс; 2) (биол.) вирустар мен ағза жасушаларының өзара әрекеттесуі, соның нәтижесінде жасушалар төмен молекулалық интерферон ақуызын бөліп, басқа вирустардың көбеюін басады; 3) (лингв.) әртүрлі тілдің өзара байланысы, нәтижесінде бір тілдің элементтері мен бірліктері басқа тіл жүйесіне енеді.