Интернационал

lat: Internasıonal

[лат. internatio, inter аралық, natio ұлт] з а т е с і м. с о в е т і с т і к. 1. Халықаралық саяси бірлестік, саяси партиялардың және қозғалыстардың одағы. Жап-жақсы командир. И н т е р н а ц и о н а л үшін, революция үшін күрескен адам (М.Жұмағұлов, Қыран.). 2. т а р. с о в е т і с т і к. Халықаралық пролетариат гимні. Жұмысшылар қошеметтеп тағы қол шапалақтады. Жігерлі дауыспен еркек, әйел, балааға бірігіп и н т е р н а ц и о н а л жырын жырлады (I.Жансүгіров, Шығ.). Соқты Москва сағаты, Ойналды и н т е р н а ц и о н а л. Ұлы Отанның бар халқы Жайлы жатып, деміңді ал (Қ.Аманжолов, Шығ.). Тарар соңынан қараша үйдің алдында жүздеген адам тік тұрып, интернационалды шырқағанда жұрт едәуір көңіл көтеріп қалып еді (Ш.Байбатшаев, Белелес.). 1943 ж. мамырда II дүниежүзілік соғыстың қызған шағында Коминтерн атқару комитетінің Президиумы Коммунистік и н т е р н а ц и о н а л д ы тарату жөнінде шешім қабылдадыаяси түсінд. сөздік).