Интернационалдық

lat: Internasıonaldyq

с ы н е с і м. с о в е т і с т і к. 1. Көпұлттық. Өлкеміздің тарихын и н т е р н а ц и о н а л д ы қ ынтымақтың сарқылмас бай шежіресі деп атауға болады («Қаз. әдеб.»). Дала комиссары Әліби ағаның и н т е р н а ц и о н а л д ы қ отряды да осы түбектен аттанды (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Ендеше мен қазақпын, мына серігім поляк, сонда алты ұлттан құралған и н т е р н а ц и о н а л д ы қ топ болдың, дедім (Қ. Қайсенов, Жау тылы.). 2. Достық, туыстық, бауырмалдық. Біз мектептегі жас ұрпақты осы и н т е р н а ц и о н а л д ы қ тұрғыда тәрбиелеуіміз керек (С.Омаров, Өмір.). Поэмада еңбекпен көтерілген ерлердің и н т е р н а ц и о н а л д ы қ достығы биіктен көрінеді («Қаз. әдеб.»).