Интернационалдық тәрбие

lat: Internasıonaldyq tárbıe

с о в е т. п е д а г о г и к а л ы қ. Кеңестік жүйе тұсындағы совет жастарының халықтар достығы және басқа ұлттар еңбекшілеріне деген құрмет сезімін қалыптастыратын коммунистік тәрбиенің басты салаларының бірі ретіндегі кеңестік идеологияның құралы. Әдебиеттің айбынды міндеті еңбекшілерге патриоттық және и н т е р н а ц и о н а л д ы қ т ә р б и е беру («Қаз. әдеб.»). Егер біз социализмге адал боламыз десек, біз бұқара арасында қазірден бастап и н т е р н а ц и о н а л д ы қ т ә р б и е жүргізуге тиіспіз (В.И.Ленин, Шығ.).