Интернет

lat: Internet

[ағыл. Internet, inter аралық, net желі] з а т е с і м. и н ф о р м а т и к а. Компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бірірімен телекоммуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы. И н т е р н е т к е жалғасуды және сервисті провайдерлер қамтамасыз етедіаз. тілі термин. Экономика). И н т е р н е т XX ғасырдың 70-жылдары АҚШ Қорғаныс министрінің, АҚШ ¡лттық ғылыми қорының және аймақтық компьютер желілерінің телекоммуникация құралдары арқылы біртеірте бірігуі нәтижесінде пайда болды (Саяси түс. сөздік). И н т е р н е т т е н қашқан ел бәрібір одан құтылмайды. Сондықтан ақпарат саласының қарыштап келе жатқан осы бір саласын игеруге бүгінгі қазақ жасы жұмылған жөн («Егемен Қазақстан»). ХХІ ғасырда адамзат қоғамында мәдениеттер қақтығысы болады деп күтілуде. Ғаламдастыру проблемасы барынша ілгерілей түспек. Ғалымдастыру и н т е р н е т идеологиясы бойынша жүреді («Егемен Қазақстан»).