Интернет-провайдер

lat: Internet-provaıder

[ағыл. inter аралық, net желі, provider қамтамасыз ету] з а т е с і м. и н ф о р м а т и к а. Кез келген тұтынушыға интернетке қосылу мүмкіндігін ұйымдастырып беретін компания немесе мекеме. Қазір Қазақстанда жиырмадан астам операторлар и н т е р н е т-п р о в а й д е р қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Астел» және «СА телеком» жатады (ҚҰЭ).