[лат. interpolatio] з а т е с і м. 1.л и н г в и с т и к а л ы қ. Аударманың немесе көшірме жасаушының түпнұсқада жоқ сөздер мен сөйлемдерді мәтінге кіріктіруі. Аударма мәтіндегі и н т е р п о л я ц и я н ы ң уәжді және уәжсіз түрлері болады («Тілтаным»). И н т е р п о л я ц и я авторлық мәтінге авторға жатпайтын сөздер мен тіркестерді қосу (Орыс.-қаз. түс. сөзд. Әдебиеттану). 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Функцияның аралық мәндерін берілген мәндердің қатары бойынша анықтау амалы (экстраноляцияға қарама-қарсы). И н т е р п о л я ц и я математикада және статистикада – шаманың қандай да бір белгілі мәндері бойынша сол шаманың аралық мәндерін табу (ҚҰЭ). И н т е р п о л я ц и я аналитикалық өрнегі белгілі, бірақ есептелуі өте қиын шамалар үшін де қолданылады (ҚСЭ).