Интерполяциялау

lat: Interpolásıaálaý

е т і с т і к. м а т е м а т и к а л ы қ. Функцияның аралық мәндерін берілген мәндердің қатары бойынша анықтау. Әртүрлі и н т е р п о л я ц и я л а у функцияларының бірірінен айырмасы көпмүшеліктердің коэффиценттерінде немесе оның сырт түрінде болады (ҚСЭ). Экономикада и н т е р п о л я ц и я л а у тәсілі экономикалық көрсеткіштердің жоспарланған жылдардағы мәндерін табуға, динамикалық кестелер қатарын жасауға, т.б. мақсаттарда пайдаланылады (ҚСЭ).