Интерпретация

lat: Interpretasıaá

[ағыл. interpretation] з а т е с і м. 1. л и н г в и с т и к а л ы қ. Зерделеу (нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына, тілдік құбылыстарға, т.б. түсініктеме беру). Арнайы құрал-аспаптар арқылы жасалған тәжірибе барысында алынған дауыс сазының сандық мәліметтеріне тілтанымдық и н т е р п р е т а ц и я жасалады («Тілтаным»). 2. и н ф о р м а т и к а. Мәліметтерді, әдетте бағдарламада немесе оның қандай да бір үзіндісінде агрегациялаудың, алгоритмдік мәнін автоматты түрде табу мен талдауды орындау. И н т е р п р е т а ц и я режімі бағдарламаны аудару режімі; әрбір аударылған оператор бірден орындаладыаз. тілі термин. Информатика). ғ ы л. Зерделеу (қандай да бір теорияның элементтеріне белгілі амал-тәсілмен берілетін мән, мағына жиынтығы). Ғылыми теорияны болмыспен салыстыруда, оның элементтеріне мән-мағына беруде и н т е р п р е т а ц и я ұғымының танымдық рөлі зор (ҚСЭ). И н т е р п р е т а ц и я әртүрлі логикалық есептеулерге мағына беруде қолданылады (ҚСЭ). 4. м а т е м а т и к а л ы қ. Дұрыс құрылған барлық өрнектері мағынаға ие болатын есептеудің түпкі өрнегіне мән беру процесі. И н т е р п р е т а ц и я ғ а модель ұғымын пайдалана отырып формалды анықтама беруге боладыилос. сөздік). И н т е р п р е т а ц и я және модель математика мен металогикада және жалпы ғылымда маңызды рөл атқаратын семантикалық ұғымдарилос. сөздік).