[ағыл. interview] з а т е с і м. к ө с е м с ө з. 1. Сұхбат (баспасөз беттерінде жариялау мақсатымен тілші тарапынан алынған әңгіме). Үнді радиосы председателінің орынбасары екенін айтып, өзін таныстырып, уақытты пайдаланып, менен и н т е р в ь ю алмақ болды (Т.Ахтанов, Үндістан.). Жиырма жасында Қазақ университеті жанындағы әдеби бірлестіктің жетекшісі болып жүргенде Әбіш Мұхтар Әуезовті бірлестік жиынына кездесуге шақырған, и н т е р в ь ю алған. Талапты жастың талантына ұлы жазушы тәнті болып, тамсана мақтаған («Егемен Қазақстан»). 2. Ақпарат жинаудың сауалнамалық түрі. И н т е р в ь ю интервьюер мен респонденттің тікелей байланысын қарастырады (Саяси түс. сөздік). И н т е р в ь ю д і ң қорытындылары тізіліп, кейіннен өңделіп, түсініктеме беріледі (Саяси түсінд. сөздік).