Интервал

lat: Interval

[лат. Intervallum] з а т е с і м. 1. Заттар арасындағы қашықтық. 2. м у з ы к а л ы қ. лингв. Бір мезгілде немесе кезекпен дауысталғанығарылған) екі дыбыстың жоғарғы тондарының айырмасы.<b> И н т е р в а лb> аралық, биіктігі әртүрлі дыбыстардың арақашықтығы (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік). 3. м а т е м а т и к а л ы қ. А және b екі берілген сандар арасындағы барлық нақты сандардың жиынтығы. Егер [a, b] сегментінде үздіксіз f (x) функциясы (a, b) <b>и н т е р в а л ы н д аb> дифференциалданатын болса, онда [a, b] сегментінде жатқан в нүктесі табылып, келесі теңдік орындалады (О.Жәутіков, Жоғары математика). Кейде <b>и н т е р в а л b>термині кеңірек мағынада, түзудегі кез келген байланысты жиынды белгілеу үшін де қолданылады (ҚҰЭ). 4. п о л и г р. Терілген мәтіннің әрбір жолындағы қаріптер арасындағы қашықтық. Мәтін компьютерге бір <b>и н т е р в а л м е нb> теріледі («Зерде»).