[лат. intrudo] з а т е с і м. 1. г е о л о г и я л ы қ. Балқыған магманың жер қыртысы қат- қабатына ену процесі. И н т р у з и я – жер қыртысының жоғарғы зоналарында, тереңдікте пайда болған кеңістіктерге жер бетіне шығып үлгермеген магманың енуі (Қаз. тілі термин. Геология). Төңірегіндегі жыныстарды қиып өту жағдайына байланысты и н т р у з и я сәйкес және шалыс болып бөлінеді (ҚСЭ).
2. х и м и я л ы қ. Қалың қабатты полимерлі бұйымдарды қысыммен құю әдісі (Қаз. тілі термин. Химия.).