Интрузиялық

lat: Intrýzıaályq

с ы н е с і м. г е о л о г и я л ы қ. Интрузияға қатысты, соған тән. Қалыптасу жағдайларына қарай магмалық жыныстар екіге бөлінеді: жер бетіне жетпей тереңіректе қалыптасқандары и н т р у з и я л ы қ (тереңдік), жер бетіне шығып жайылғандары төгілген (эффузивтік) деп аталады (К.Сапарбайұлы, Геология.). Егер магма жер қыртысына енсе, и н т р у з и я л ы қ магматизм немесе плутонизм, ал магма (лава) жер бетіне төгілген жағдайда эффузивтік магматизм немесе вулканизм процестері байқалады (К.Сапарбайұлы, Геология.).