[лат. introspectare] з а т е с і м. 1. п с и х о л о г и я л ы қ. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И н т р о с п е к ц и я психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады (Қаз. тілі термин. Педагогика). И н т р о с п е к ц и я ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзінің психикалық өміріңді бақылаудан ажырата білу керек (Қаз. тілі термин. Педагогика). 2. ф и л о с о ф и я л ы қ. Өз психикасын басқаратын заңдылықтарды ашу барысындағы бақылау. Дуалистік философияда интроспекция негізгі философиялық метология болып саналады (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Философия). И н т р о с п е к ц и я ғ а Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Беркли, Д.Юма, Д.Миль т.б. экспериментті психологияның негізін салушылар көп мән берді (Орыс.-қаз. түсін. сөзд. Философия).