[лат. invertere] з а т е с і м. 1. ф и з и к а л ы қ. Тұрақты электр тогін айнымалыға өзгертетін құрылғы. И н в е р т о р д ы амплитудалары тең, бірақ фазалары қарама-қарсы болатын екі сигнал алу үшін пайдаланады (ҚҰЭ). И н в е р т о р электртехникада тұрақты токты бір фазалы немесе көпфазалы айнымалы токқа түрлендіретін қондырғы (ҚҰЭ). 2. и н ф о р м а т и к а. Сандық сигналдар үшін логикалық терістеу амалын орындайтын электрондық элемент. И н в е р т о р мәлімет өңдейтін және тасымалдайтын компьютер құрылғыларында электр сигналдарын қалыптастырып, күшейтеді (ҚҰЭ). Әдетте и н в е р т о р интегралдық сұлбаларда болып, транзисторлық элементтерден тұрады (ҚҰЭ).