[ағыл. investor] з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Инвестициялық жобаларға меншікті қаражаты мен қарыз қаражатын салушы, бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алушы мемлекет, заңи және жеке тұлға. Жұмсалымның мақсатына қарай тәуекелшіл и н в е с т о р, тікелей инвестор, қоржындық инвестор болады (Қаржы-экономикалық сөздігі). Қоржындық и н в е с т о р – бағалы қағаздар қоржынын сатып алушы инвесторыс тілі. Тәуекелшіл и н в е с т о р – қатерлі, бірақ тез өтелетін инвестицияларды жүзеге асырушы (Қаржы-экономикалық сөздігі). Қазақстандық бірқатар банктердің халықаралық рейтинг алуы, олардың синдикатталған кредит алуы үшін капиталдың сыртқы рыногына шығуы және еуробондтарды орналастыруы отандық және шетелдік и н в е с т о р л а р д ы ң Қазақстанның банк жүйесіне сенімін көрсетеді («Жас Алаш»).