тірі клеткалар мен олардың органоидтарының липопротеидті табиғатқа ие, мембрана арқылы əртүрлі иондарды таңдап өткізуді қамтамасыз ететін мембрана жүйесі. Na+, K+, Ca2+ иондарын өткізетін каналдар кең таралған жəне ион каналдарына протон өткізетін биоэнергетикалық кешен жүйесі де жатады. Ион каналдарының болатыны бірінші рет жүйке ұлпаларының мембранасы үшін дəлелденді, сосын басқа да ұлпалар мембраналарының құрамында күрделі аденозинтрифосфатазалар, цитохромоксидазалар, комплементтер, родопсин тасымалдайтын күрделі мембраналық белоктары бар ион өткізетін құрылымдардың бар екені анықталды. Бұл белоктар мембранадан өтіп, ион өткізгіш жүйені түзеді жəне бірнеше суббірліктерден тұрады. Ион каналдарының таңдамалылығы канал қабырғаларын төсеп жатқан топтардың химиялық табиғаты мен геометриялық параметрлері арқылы анықталынады. Иондарды сұрыптау маманданған молекулалық құрылымдар арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ион каналдары арқылы тасымалдану активті (энергия жұмсап, ион насостары арқылы жүзеге асады) немесе пассивті (мембрананың екі жағындағы иондардың электрохимиялық потенциалдардың əртүрлі болуына сəйкес жүреді) жүруі мүмкін. Бір ион каналы арқылы секундына 107-108 иондар өтуі мүмкін. Табиғи жəне синтетикалық 58 заттардың бірқатары ион каналдарының элементтерімен байланысып, олардың өткізгіштігін немесе жұмыс істеу механизмін жауып тастайды. Мұндай заттарға шаяндар, кобра жыландарының улары, тропикалық бақаның терісінен алынатын батрахотоксин, тетродотоксин, тетраметиламмоний иондары жатады. Арнайы улы заттарды байланыстыруы бойынша ион каналдарының өткізгіштігі бағаланады. Клеткалардың ион каналдарының кейбір қасиеттері күшті удың əсер етуі нəтижесінде мембрананың өткізгіштігі артып, клетканың иондық баланысын бұзатын антибиотиктердің көмегімен жаңадан өндіріліп тұрады.