Ионалмастырғыш шайырлар. х и м и я л ы қ. Жасанды жолмен алынған, құрамында негіздік не қышқылдық топтары бар үлкен молекулалы қосылыстар. Оларды алғанда реакцияның алғашқы сатысында қоймалжың шайыр тәрізді зат түзілетіндіктен и о н а л м а с т ы р ғ ы ш ш а й ы р л а р деп атаған (ҚСЭ). Қазақстан Ғылым академиясының Химия институтының и о н а л м а с т ы р ғ ы ш ш а й ы р л а р лабораториясында ашылып, ол еліміздің әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарында сыннан өтуде (ҚСЭ).