[грек. ionsphaira] з а т е с і м. г о г р. Құрамында иондар мен еркін электрондар көп атмосфераның жоғарғы қабаты. И о н о с ф е р а деп аталуы бұл қабаттағы газ иондалған атомдар мен молекулалардан (көбінесе азот пен оттегінен) және басқа бос электрондардан тұрады (X.Әбішұлы, Халық астрон.). И о н о с ф е р а – ионданған атомдардан құралған сирек газ қабаты, оның үстінде жердің электр магнитті өрісі болады (Жалпы биология). И о н о с ф е р а д а биосферадағы тірі ағзалардың күйіне әсер ететін полюстік жарқырау және магниттік дауыл байқалады (Қаз. тілі термин. Экология). Сонда мүрдехананың өлікке толған күндері и о н о с ф е р а н ы ң қозған күніне және өте күшті радиобөгеттері пайда болған күнге тура келгені анықталған (Т.Омаров, Күн. құбылыс.).