Иристік басу әдісі

lat: Irıstik basý ádisi

арнайы басу әдістерінің бір түріне иристік басу әдісі жатады. Иристік басу әдісінде - бояу қағазға немесе басылатын материалға ерекше тәсілдермен - басу машинасындағы бір бояу жәшігінен әр түсті басу бояуы бірден қағазға немесе басылатын материалға беріледі. Оның осылай берілуі нәтижесінде әртүрлі бояу түстерінің бір түстен екінші түске ауысуы, кемпірқосақ түстері сияқты көркемдікпен біртіндеп өзгеріп отырады. Иристік басу әдісін жоғары сапалы арнайы өнімдерді, плакаттар мен жарқағаздарды, жарнамалық буклеттерді басуда және жалған бағалы қағаздар мен банкноттарды басудан қорғау мақсатында қол даны лады.