[лат. irrationalis] с ы н. 1. ф и л о с о ф и я л ы қ. Иррационалдық. ≈ И р р а ц и о н а л құбылыс. 2. м а т е м а т и к а л ы қ. Бірлікпен өлшенбейтін, тұтас та, бөлшектік те санға жатпайтын. Ньютон өзінің «Жалпы арифметикасында» келтірілетін функциялардың и р р а ц и о н а л коэффициенттер болған жағдайын қоса қарастырады (А.Көбесов, Математика.). Егер теңдеудің түбірі и р р а ц и о н а л болып кездессе, есептің шартындағы берілгендерді іріктей отырып, жауабы рационал сандарға келетіндей етіп есепті қайта құрады (А.Көбесов, Математика.). И р р а ц и о н а л терминін неміс математигі М.Штифель енгізген (ҚҰЭ).