риторикалық тәсіл, көп мағыналы металогиканың түрі. Мақсаты — сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді. Ирония сөйлемнің логикалық мағынасын өзгертеді және тілден тыс тірлікке де берекесіздік әкеледі, сондықтан ежелден бері ирония өмір сүрудің амалы ретінде пайымдалады. Аристотель “Үлкен этика” деген еңбегінде жорта сөйлеуші өзіндегі барды аз ғып көрсетіп, білген нәрсесін айтпайды дейді. Жорта сөйлеушінің үлгісі ретінде Сократты атауға болады. Ол өзін жорта төмендетіп, жұрттың басын айналдыратын еді, сөйтсе де, оның әңгімелерінде өз-өзін төмендеткен ұсқынсыздықпен қатар Құдайға тән мазмұн болатын. Кьеркегордың айтуынша, сократтық ирония дегеніміз — дағдылы өмір тәртібін жоққа шығару, себебі ол өзінің идеясына сәйкес емес.