з а т е с і м. Ислам дінінің құндылықтары негізінде қалыптасқан әлемдік өркениеттердің бірі. И с л а м ө р к е н и е т і н і ң алғашқы нышандары VII ғасырдың басында қалыптаса бастады, оның басты себептеріне Арабстан түбегінде көшпелі және қалалық мәдениттердің жаңа рухани негізде біріге бастауы, ежелгі тайпалық діндердің тоқырау және жалпыарабтық этникалық сананың пайда болуы жатады (Саяси түсінд. сөздік). Көрнекі түркі ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани т.б. ғұламалары өз еңбектері арқылы и с л а м ө р к е н и е т і н е үлкен үлес қосты (ҚҰЭ). Түркияда жаңа латын әліпбиі 1928 жылы қараша айының басында енгізілген. Ал КСРО түріктері үшін и с л а м ө р к е н и е т і м е н тығыз байланысты араб жазуын бірден тікелей кириллицаға ауыстыруға сәл де болса қаймыққан Сталин уақытша латын жазуын енгізіп, 1940 жылдың басында оларды кириллицаға көшуге мәжбүр еткен-ді («Түркістан»).