Ислам қағидалары

lat: Islam qaǵıdalary

д і н и. Мұсылман дінінде қатаң ұстанатын, мойындалған әдет- ғұрып, рәсім мен ережелердің жиынтығы. И с л а м қ а ғ и д а л а р ы н а сәйкес жерленген адамдардың дүние-мүліктері солармен бірге көмілмейді, бірақ кейбір жағдайларда қатып қалған қағидалардан ауытқушылықтар да болып тұрады, өйткені әйел қаңқасының үстінен екі алтын жүзік пен домалақ шар ішіне орнатылған алтыннан жасалған жалпақ салпыншақ табылды («Парасат»). Сондықтан іс-қимылы и с л а м қ а ғ и д а л а р ы мен өздері тіршілік еткен мемлекеттің саясатына қайшы келмейтін мұсылмандықтың анасы дұрыс, мынасы бұрыс деп айту қиын («Егемен Қазақстан»).