Испандық

lat: Ispandyq

з а т е с і м. Испан халқының өкілі; испан халқына тән. Әкесі адай, шешесі әсем француз. Ришадты и с п а н д ы қ деп қаласың (О.Сүлейменов, Атамекен). Ол екі көзін жұмды да, республикашыл и с п а н д ы қ т а р д ы ң «Рот фронт» деп ұран тас-тағанындай жұдырығын түйіп, оң қолын көтерді (М.Әлімбаев, Тәрбие тур.). Испания королі І Хуан Карлос 1992 жылы Гранадаға барып, Кордова халифатының құлағанына 500 жыл толған кезінде Андалусияның ғажайып мәдениетін қиратқан и с п а н д ы қ т а р д ы ң бүгінгі ұрпағы атынан кешірім сұрағанын өздеріңіз жаздыңыздар («Егемен Қазақстан»).