lat: It
з а т е с і м. 1. з о о л о г и я л ы қ. Сүтқоректілер табы, ит туысына жататын, қасқырға жақын асыранды үй хайуаны. Адамның тұңғыш үйреткен жануары– и т. Иттің екі миллионға жуық иісті ажырата алатын қасиеті бар. Иттердің осы қасиетін адамдар тұрмыста пайдаланады (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.). И т т і ң еркегі – төбет немесе арлан, ұрғашысы – қаншық, бірге туғаны ұялас (С.Мұқанов, Қазақ қауымы). И т т і ң бұл тұқымы әлемдік классификаторға ауған тазысы деген транскрипциямен емес, ауған хаунды деген атпен келіп, бүкіл дүниежүзіне осындай лақаппен таралып кетті («Жас Алаш»). 2. Үй күзету, мал бағуға бейімделген асыранды үй хайуаны. Құбыладан қайтқан атты тосарда, Қуаныштан көңіл енді босар ма, Аламанға ат қосқанда жігіттер, Жиренім жоқ, қара и т т і енді қосам ба? (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Күшік күнінен әдеттенгеннен бе, төбет те қозыны иіскей қояды. Дәл осы кезде күнұзын елегізіп тұрған саулық и т к е тап беріп, сүзетіндей айбат шегіп, итті қуып жібереді де, қозыны мекіреніп емізе бастайды (Е.Досбаев, Әңгім.). Құлағым елеңдейді ән дегенде, Кежегем кейін тартар мал дегенде. Ақ и т пен ала мысық ере шығад, Нан тастап, сүйек беріп дәндегенге (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. Аң аулауға немесе аңға салуға үйретілген үй хайуаны. Ау, бөрілер, бөрілер Бөрімін деп жүрелер, ¯әр бірінің баласы Алтау болар, бес болар, ішінде абаданы бір болар, Абаданынан айырылса, олардың һәр біреуі әрбір и т к е жем болар (Шалкиіз ақын, шығ.). 4. э т н. Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті қазынаның бірі. Тозағы қарам болсын и т і ң і з г е, Келмесін дұшпандарың бетіңізге, Қайырымды дастарқаннан бір омыртқа Тастасаң не болады итіңізге (Ақмолла ақын, Күндер.). Еріп барған қасына Қытымыр деген қызыл и т Жеті қызының бірі еді (Қашаған // Алқаласа әлеумет) (Менің де өкіндірер өткенім көп), Атқа міндім, алысып, теппедім доп. Мен дағы малды сүйем, и т т і сүйем, інімнің мабдайынан шерткенім жоқ (М. Мақатаев, Шығ.). 5. э в ф е м и з м. Қасқыр. Малшыларым, қор қылма и т к е малды (Абай, Тол.жин.). Ежелгі заманның халықтарында сол кездегі соқыр сенімдер бойынша, кейбір хайуандардың атын атамайтын әдеттер болған. Атын атаса, олар өшігіп кетеді-міс. Сол әдет бойынша ертедегі қазақтар қасқырды көбінесе «бөрі» демей, «и т» деген (М.Исқақов, Халық календары). 6. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Қас жау, жауыз, қараниет адам. Батыр бол, балаларым бәрің-дағы, Тап берген дұшпан и т т і ң сынсын сағы (Жамбыл, Таңд. шығ.). Не қылып жаның шыдар, бауырларым, Ақ сүтің бір и т келіп арамдаса?! Аһ ұрмас ер, жүрегін зар шалмаса, Қайғысы қайғы үстіне жамалмаса (Ақмолла ақын, Күндер.). – Ендеше Қодарыңды ойға алалық, Мен бе едім сол и т і ң н е н кем боларлық (Қозы Көрпеш.). Шүбә жоқ жауыз жауды біз жеңеміз, Сазайын Гитлер и т т і ң біз береміз. Қанқұйлы фашистерді күл- талқан қып, Орнатып бейбітшілік гүлденеміз (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Шұбар атты келеді, Тізесі аттың жалында, Аяғы жерге сүйреліп. Қаныпезер и т еді, Баланы шаншып найзалап, Жіберген талай үйді өртеп (О. Шипин, Дастан.). 7.а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Надан, түк көрмеген тоғышар адам. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп адам саумақ – өнерсіз и т т і ң ісі (Абай, Таңд. жин.). И т боп өлмей, Дәріс алмай әр аңнан, Адам болып өлу үшін жаралған. Бірақ соны түсінбейді, қайтесің! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 8. а у ы с. Құр бос жүрген, қолынан еш нәрсе келмейтін, ісінен сөзі көп адам. Сен – ауылда үрген көпек и т, Мен – азулы арлан бөрі едім (Қашаған // Ақберен). Айтқаның Серікбай ғой! Ол и т і ң д і бұл ауыл көрмегені алты ай болды ма, немене? Қайда тентіп жүргенін білген кісі көргем жоқ (М.Әуезов, Абай жолы). 9. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Керітартпа, көре алмайтын, біреуге ор қазғыш, қаскөй адам. Иесіне и т абаласа – сол жаман, Сүрінгенді табаласа – сол жаман. Өзгелерден төмен тұрған ағайын Өзін биік бағаласа – сол жаман! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Қарт айтты:– Балам, жеке жүрме,– деді, – Көбіне, әсіресе, түнде, – деді. – Бұл и т т і ң ұры-қары жолдасы көп, Ағашқа я қамысқа кірме,– деді (О. Шипин, Дастан.). 10. э к с п р е с с и в т і. Қатар- құрбы адамдардың бір-біріне немесе жасы кіші бала-шағаға, сондай-ақ басқа бір өзімсінген адамға олардың жағымсыз әрекет-қылығын кешіргенде зілсіз айтатын сөзі. Сол и т күнде күзетке бара ма? Үнемі күндіз ұйықтайды (М.Дулатов, Шығ.). – Жоқ, Жантеке, мына и т т і ң әшейін мақтаншақтығын айтамын,– деді Қасым (С.Сейфуллин, Шығ.). Исахмет и т т і ң аузы не деген салымды еді (М.Сүндетов, Ескексіз.). – Апыр-ай, бұ и т к е басқа ат жетпегендей, менің мініп жүрген атымда несі бар-ей! (С.Мұратбеков, Жабайы.). 11. э к с п р е с с и в т і. жағымсы з. Бір адамды жақтырмағанда немесе одан әбден қорлық көріп зәрезап болғанда оған қарата айтылатын жек көру сөзі. Жасымнан ел аралап көп жүріп ем, Көрмедім келін и т т е н қара желін. Тектіден қарап жүріп қыз алмасаң, Әрқашан жақсы ат бермес мұндай келін (Үске Торқаұлы // ХІХ ғ. қаз. поэз.). 12. э к с п р е с с и в т і. Кейіп, ренжігенде малға қарата айтылатын сөз. – Жамандатқыр мынау бір и т екен, тіпті жүрмейді,– деп қамшымен салып-салып жібереді (Б.Майлин, Шығ.). – Бұл да ағайынға жамандық ойлайды деймісің. Бәрі соғыстың әлегі де. Жілігі татымайтын қошқар и т т і ң қымбатын көрмеймісің (М.Дүзенов, Ақ әже.). // э к с п р е с с и в т і. б е й н е л і с ө з. Бір нәрсенің соңынан ит сияқты салақтап, далақтап жүгіре беретін, бір тоқтамайтын. Көңіл и т шаршамайтын шабандоздай, Жаттыққан бірдей болып оң мен солы. Күніне мың шаһарды аралайды, Мысалы, бай көпестей жеткен қолы (Базар жырау, Шығ.).