з а т е с і м. з о о л о г и я л ы қ. <лат. mellivora capensis> Сүтқоректілер табы сусарлар тұқымдасына жататын аң. И т а ю негізінен Африкада, Азияда, Түркістанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі (ҚҰЭ). И т а ю тасбақалардың жауы, оларды інінен қазып алып жейді (ҚҰЭ). Қазақстанда 1983 жылдан бері и т а ю д ы ң 10 – 15 дарабасы ғана тіркелген. Өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (ҚҰЭ).