Итер

lat: Iter

е т і с т і к. 1. Бір нәрсені тұрған орнынан қозғап жылжыту, сырғыту. Жігіттер бірінірі ыммен түсініп, газикті от алдырмай-ақ и т е р і п апарып қара жолға түсірді (Ә.Тарази, Асу.). Төлеп шеткі есікке жақындады. Ішіне қарай и т е р і п еді, ашылмады (С.Ерубаев, Шығ.). Бұл сөздің де жаны бар, деп Қасболат Қоспанның арызын да Құмарға қарай и т е р е беріп еді (Т.Ахтанов, Дала сыры). 2. Бар пәрменімен қос қолдап келіп соғу, құлата жаздау. Қолды-аяғымды жерге тигізбей, жетелеген бойы үйге кіргізді де, төрдің алдына и т е р і п жіберді (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер.). Тақырбас мені оқыстан көкірегімнен и т е р і п кеп жіберді (Б.Соқпақбаев, Балалық шақ.). Ғалия оның құшағынан шортандай бұлқынып шығып, кеудесіне қос қолдап и т е р і п қалды (Ж.Тілеков, От кешу). 3. а у ы с п а л ы м а ғ ы н а. Арандату, бір нәрсеге ұрындыру. Міне, ақсақал, мені күнәға емес-ау, қылмысқа и т е р і п отырсыз. Осыны біреу-міреу сезсе ғой, кеттік су түбіне (М.Дүйсенов, Мейман.). Сіз мені өлімге и т е р м е ң і з, деді ол (Ә.Әзиев, Оянған ар). Егер шындықты айтар болсам, Бағыланды ондай қылмысқа и т е р г е н мен де, мені итерген сіз едіңіз ғой (Ә.Әбішев, Ғаламат.).