Иықты, жауырынды, жоталы, төртбақ, кеуделі, денелі, тұлғалы

lat: Iyqty, jaýyryndy, jotaly, tórtbaq, keýdeli, deneli, tulǵaly.

Сом денелі, жауырыны кең, жалпақ.

Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген де, інісі Тектіғұл бұдан да бойға биік болатын (М. Әуезов).

Ол адам баласына бітпеген жауырынды, қыр мұрынды қара кісі екен (Ә. Әлішев).

Жуан жоталы жігіт ілмиген саудагерді итеріп жіберіп, ішке еніп кетті («Қаз. әдеб.»-).

Балуан Шолақ төртбақ, тым жоталы екен (С. Шаймерденов).

Дене бітісі мығымырақ, жауырыны жалпақ, кең иық, кеуделі жігіт (Ө. Қанахин).

Сәлден соң денелі жігіттің құшағынан сытылып шығып, көзден таса болған Мұңлықтың соңынан сүзіле қарап түрып қалдым (А. Мекебаев).

Ол шоқша сақалы бар, кесек тұлғалы қара қоңыр кісі еді (Ә. Нүршайықов).