[грек. isos – бірдей, basis – табан] з а т е с і м. г е о л о г и я л ы қ. Тектоникалық қозғалыстарға бірдей уақыт аралығында шалынған Жер бетінің бірдей шамада көтерілген не төмендеген орындарын өзара қосатын сызық. И з о б а з а карталары Жер қыртысының көтерілген және төмендеген аймақтарының таралу пішінін анықтайды және Жер қыртысының қазіргі тектоникалық қозғалыстарының амплитудасын көрсетеді (ҚСЭ). И з о б а з а көне жағалық сызықтар, геодезиялық тәсілдер бойынша анықталады (ҚСЭ).