Изоморфизм

lat: Izomorfızm

(гр. isos тең, бірдей, ұқсас, morphe түр, пішін) сананың бейнелеу процесіндегі ерекшелігі. Изоморфтық бейнелеу дегеніміз түпнұсқаны дәлме- дәл қайта жаңғырту (мысалы, фото сияқты). Изоморфизм деп көркем мәтіндегі мазмұн мен түрдің сәйкестігін, ал кең мағынада көркем шығармадағы мазмұн мен форманың (идея, сюжет, стиль, т.б.) үндесуін айтады.