Изоморфизм және гомоморфизм

lat: Izomorfızm jáne gomomorfızm

(грекше isos -бірдей, homoios -ұқсас және morphe- форма) - объектілер құрылымы арасындағы сәйкестікті сипаттайтын ұғымдар. Элементтерден тұратын табиғатынан бөле қаралатын екі жүйе, егер оның әрбір элементіне екіншісінің тек бір элементі және бір жүйедегі әрбір байланыс екіншісіндегі байланысқа сәйкес және керісінше болған жағдайда онда екі жүйе біріне-бірі изоморфты болады. Осындай өзара біртектес сәйкестікті Изоморфизм болады. Толық Изоморфизм тек қана абстракцияланған, шындыққа жатпайтын идеализацияланған объектілер арасында, мысалы, геометриялық фигура мен оның формула түріндегі аналитикалық мәндері арасында болуы мүмкін. Изоморфизм тұтастай емес, тек қана кейбір қатынастар мен қасиеттерінде өзгеше көрінетін объектілердің танып білерлік актісіндегі кейбір тиянақты қасиеттерімен және қатынастарымен байланысады. Гомоморфизм Изоморфизмнен объектілердің тек біржақты сәйкестігімен ғана ажыратылады. Сондықтан гомоморфтық бейне - түпнұсқалық құрылымның толық емес, нобайланған бейнесі. Мысалы, елді мекен мен оның картадағы көрінісі арасындағы, күй табақ пен оның түпнұсқасы - әуедегі дыбыс тербелісі арасындағы қатынас осыған ұқсас келеді. Изоморфизм және гомоморфизм ұғымдары математикалық логика, кибернетикамен, физикада, химияда және ғылымның басқа салаларында кенңінен қолданылады. Таным теориясында бұл ұғымдар бейне мен нәрсенің, теория мен объектінің арасындағы ұқсастықты, информацияның түрлендірілуін талдаған жағдайда тиімді болып келеді. Изоморфизм және гомоморфизм "белгі", "бейне" сияқты ұғымдарымен тығыз байланысты.